2017 жыл 5 шілдеде ePCT Вебинары өтеді

Қазақстандық өтінім берушілер үшін шет мемлекеттің территориясында  қорғау құжатын алу  мүмкіндігі  халықаралық шартқа сәйкес өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.  Өнеркәсіптік меншіктің осындай объектілерін, яғни өнертабыстар мен пайдалы модельдерді  қорғау саласындаға  халықаралық шарттардың қатарына Патенттік кооперация  туралы шарт  (РСТ) жатады.
«ҰЗМИ» РМК РСТ бойынша  өтінімдерді қабылдайтын ведомство болып табылады және  халықаралық РСТ өтінімдерді қабылдайды,  өңдейді және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) жөнелтеді.  Әр түрлі  семинарлар мен  дөңгелек үстелдер өткізу барысында  қазіргі уақытта ДЗМҰ-ның  талқылайтын өзекті мәселелерінің бірі  РСТ өтінімдерінің электрондық рәсімделуін енгізу болып отыр. Сонымен қатар,  2017 жылдың 1 шілдесінен бастап РСТ өтінімдерін беру және қарау  рәсімі бойынша нормалар берілген РСТ нұсқаулығының жаңа редакциясы  күшіне енбек.
РСТ рәсімі  бойынша өтінімдер беруде отандық өтінім берушілердің қызығушылықтарының  артуына байланысты «ҰЗМИ» РМК ДЗМҰ-мен бірге 2017 жылдың 5 шілдесі күні Астана қаласында «РСТ рәсімі бойынша  өтінімдер беру және қарау рәсімі.  РСТ жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен  жаңа мүмкіндіктер (өтінімдерді электронды беру, е-РСТ және т.б.)» тақырыбында оқу вебинарын өткізеді.
Вебинарда РСТ онлайн-сервисі және е-РСТ,  өтінімдерді электронды беру ерекшеліктері  қарастырылады.
Вебинарда  ДЗМҰ өкілдері  баяндама жасайды.
Басталуы 2017 жылдың 5 шілдесі сағат 13.00
Вебинардың өткізілетін орны:  «ҰЗМИ» РМК, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктері үйі, № 2 кіреберіс, 707- кабинет
Аталған шараға қатысу тегін.
Вебинарға «ҰЗМИ» РМК кеңсесінде  (Астана қ., Алматы қ.), сонымен қатар өз жұмыс орындарыңызда немесе үйде отырып қатысуға болады.
Оқу вебинарына  қатысу үшін Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктері үйі, № 2 кіреберіс  мекен- жайына  немесе 8-(7172)74-96-21 факс нөміріне, kazpatent@kazpatent.kz электрондық поштасына өтінім жіберу қажет. Өтінім  үлгісі қосымшада  берілді. Өтінім қабылданғаннан кейін сізге online-вебинарға сілтемені, сонымен қатар вебинарға  жазылу сілтемесін жолдаймыз.
Қосымша ақпараттарды 8 7172 74-91-21, 8 701 7075415  телефон  нөмірлері арқылы алуларыңызға болады.
 
Newsletter category: