Институт туралы

          Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (ҰЗМИ) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитеті – патенттік ведомствоның сараптамалық функциясын іске асырушы ұйым болып табылады. Институт өзінің бай дәстүрімен 1992 жылғы 23 маусымда ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патенттік ведомствоны құру туралы» Жарғысымен құрылған Ұлттық патенттік ведомствоға қарыздар. Аталмыш ведомство қызметінің бастауына – сол кезеңде бұрынғы КСРО аумағындағы бірыңғай патенттік кеңістіктің бұзылуы себеп болған еді. Сондықтан сол уақыт Қазақстанның жаңа патенттік жүйесін құрудағы аса күрделілікпен, қиындықпен сипатталады. Өз қызметі ағымында Республиканың Патенттік ведомствосы бірқатар өзгерістерден өтті. ҰЗМИ құрылу тарихы қалыптасып үлгерген мемлекеттік патенттік жүйені реформалаумен тығыз байланысты болды. Институт 2002 жылғы 11 шілдеде өнеркәсіптік меншік нысандарын патенттік сараптау мен ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне, өнеркәсіптік меншік нысандарын бағалау мен коммерциялауға ықпал ету, сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласындағы білікті мамандарды даярлау ісіне жаңаша әрі сапалы қадам жасау негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 756 Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институтын» құру туралы» қаулысымен құрылды. Аталған мәселелерді шешу – ҰЗМИ қызметінің негізін құрайды. Институт өзінің қалыптасқан кезінен бастап мемлекеттік ұйым ретінде патенттік ұйымның дәстүрлерін дамытып келеді. Өнеркәсіптік меншік нысандарына өтінімдерді қабылдауды және сараптауды іске асырады. Мемлекеттік тізілімдерді жүргізеді, берілген қорғау құжаттары туралы өзінің ресми басылымдарында толық ақпарат жариялайды. Институт қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің қалыптастырған «Жуырдағы он жылда Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіргізу» сынды елдің жалпы стратегиялық міндеттерін қамтамасыз етуге бағытталған. ҰЗМИ қызметінің өндірістік негізін - өнеркәсіптік меншік нысандарына: өнертабысқа, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына, тауар шығарылған жерлер атауларына, сондай-ақ селекциялық жетістіктерге өтінімдерді сараптау ісі құрайды. Институт қорғау құжаттарының Мемлекеттік тізілімін жүргізуді, оларды беруге дайындық жасауды іске асырады. Әлі жас күйіне қарамастан, Институт ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында бүгінде Қазақстанның патенттік жүйесін дамыту саласында белгілі бір жетістіктерге ие. 2003 жылы талдаулық-консалтингтік қауымдастық боп табылатын "Aquarius EartHmaker" компаниясы өзінің Мальтадағы штаб-пәтерімен бірге ҰЗМИ "Earthmaker" марапаты мен «Сала көшбасшысы» номинациясындағы дипломдармен марапаттады.«XXI жүзжылдық көшбасшысы» бағдарламасының аясында институттың динамикалық даму деңгейіндегі кәсіпорын ретінде зор жетістігі үшін «Еуропаның үздік кәсіпорны» халықаралық марапатының лауреаты атанды. Марапаттау салтанаты өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің Халықаралық конгресінің ұйымдастыруымен 2009 жылғы 5-7 қазанда Вильнюсте өткен «ЕО, ТМД және Азия елдері. Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысы жағдайында экономикалық ынтымақтастық тәжірибесі мен болашағы» атты Халықаралық конференцияға орайластырылды. Мұндай жетістіктермен шектеліп қалмай, Институт зияткерлік меншік нысандарын қорғау жөніндегі білімді көтеруге бағытталған оқыту семинарлар мен конференциялар өткізеді; Әділет Министрлігі, Білім және ғылым Министрлігі, орта және шағын бизнес жүйесіндегі жұмыс үшін зияткерлік меншікті қорғау саласында кадрларды дайындау мен қайта дайындау бойынша оқу орталығы құрылған және қызмет етеді; Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Академиясында қашықтықтан оқытудан өту мүмкіндігі бар.Үкіметтің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 43 қаулысымен бекітіліген Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) сәйкес бүгінде Институт алдын жаңа міндеттер қойылған. Қазіргі таңда Қазақстанда инновациялық үрдістерді жеделдетумен байланысты қорғау құжатын беру мерзімдерін біршама қысқарту қажеттігі туды. Бірқатар елдер тәжірибесі патенттік өтінімдердерге сараптама жүргізуді жеделдету патенттің әрекет теу мерзімінің ұзаруына әкеледі. Нәтижесінде бұл ғылыми-техникалық өрлеуге оң ықпалын тигізеді, нысаннның өндіріске ерте енуіне жағдай жасайды және өнертапқыштарды патент алуға ынталандырады. Сондықтан модернизацияланатын ұлттық патенттік жүйе берілетін қорғау құжаттарының сапасы мен беріктігін қамтамасыз етіп, елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің дамуына әсер етуі тиіс. Осыған байланысты Институт Республиканың ұлттық компанияларымен бірге халықаралық ұйымдармен зияткерлік меншік нысандарын қорғау бойынша өзара ынтымақтастық түрлерін кеңейту мен бекітуді жалғастыруды жоспарлап отыр.