Филиал туралы

Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (ҰЗМИ РМҚК) филиалы ҰЗМИ РМҚК директорының 2006 жылғы 20 қазандағы бұйрығының негізінде Алматы қаласында құрылды.

Филиал ҰЗМИ РМҚК қызығушылық танытқан тұлғаларға зияткерлік меншік нысандарына (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жерлер атаулары, селекциялық жетістіктер, авторлық құқықтар, аралас құқықтар) құқық рәсімдеу кезінде практикалық және кеңестік көмек көрсететін, Қазақстан Республикасының, таяу және шалғай шет елдердің патенттік ведомствосына өтінім беру және қарастыру кезеңінде өтінім берушінің шығындары мен тәуекелін ең аз көлемге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін бөлімшесі болып табылады. 

Филиал құрылымында Оқу орталығы бар. Оқу орталығы қызметінің негізгі бағыты – зияткерлік меншікті қорғау, сақтау саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау, сонымен қатар зияткерлік меншікпен байланысты бағыттардың дамуында қызығушылық танытқан барлық тұлғалардың білім деңгейін көтеру болып табылады. Сондай-ақ филиал құрылымында өнертабыстар мен тауар таңбалары бойынша екі іздеу жүргізу қызметі бар. 

филиал

Филиал мамандары – аталған қызмет саласындағы биік тәжірибелі және біршама жұмыс өтіліне ие жоғары білікті сарапшылар оқыту және тақырыптық курстар, куәлік пен сертификаттар берілетін семинарлар, сонымен қатар зияткерлік меншік нысандарын қорғау, сақтау, пайдалану және бағалау мәселелері бойынша конференциялар мен «дөңгелек үстелдер» өткізеді; сондай-ақ: 

  • Авторлық құқық пен аралас құқықты, тауар таңбасын/қызмет көрсету таңбасын, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті тіркеуге құжаттарды рәсімдеу;
  • Таяу және шалғай шет елдерге беру үшін өнеркәсіптік меншік нысандарына өтінімдік материалдарды рәсімдеу;
  • Тауар таңбаларын/қызмет көрсету таңбаларын әзірлеу;
  • Кеден тізілімінде өнеркәсіптік меншік нысандарын тіркеу бойынша өтінім материалдарын рәсімдеу;
  • өнеркәсіптік меншік нысандарын пайдалану құқықтарын рәсімдеу, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік нысандарын пайдалануға лицензиялық келісімшарттарды және өнеркәсіптік меншік нысандарын өзгеге беру келісімшарттарын дайындау;
  • Халықаралық Патенттік Классификация, Халықаралық Тауарлар мен Қызметтер Классификациясы, Халықаралық Өнеркәсіптік Үлгілер Классификациясы бойынша өнеркәсіптік меншік кластарын анықтау кезінде зияткерлік меншік нысандарын қорғау, сақтау, пайдалану және бағалау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша кеңестер береді.

    Филиал сарапшылары тез әрі сапалы:

    • өнеркәсіптік меншік нысандарының патенттік қабілеттілігіне/қорқау қабілеттілігіне алдын ала талдауды;
    • іздеудің алуан түрін соның ішінде тақырыптық, фирмалық, нөмірлік іздеу, патенттік-аналогтық іздеу, Халықаралық патенттік классификация бойынша іздеу түрлерін;
    • тауар таңбалары/қызмет көрсету таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер бойынша ізденістік-зерттеушілік жұмыстар, оның есебін берумен қоса; өнеркәсіптік меншік нысандары бойынша салыстырмалы талдаулар;
    • зияткерлік меншік иегерлерінің құқықтарын бұзу бойынша сотқа беретін құжаттарды дайындауды;
    • қорғау құжаттары бойынша қорытынды дайындаумен бірге салғастырмалы талдаулар;
    • техника нысандарының техникалық деңгейі мен даму үрдістерін анықтауға арналған патенттік зерттеулер;
    • техника нысандарының патенттік тазалығын анықтауға арналған зерттеулер;
    • өнеркәсіптік меншік нысандарының құқықтық мәртебесін анықтауды;
    • зияткерлік меншік саласында әдістемелік ұсынымдар әзірлемесін;
    • патенттік ақпарат аудармаларын дайындауды;
    • «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК басылымдарын шығару және таратуды;
    • Белгілі бір тақырыпқа мақалалар іріктеуді;
    • «Қазақстанның зияткерлік меншігі» журналына жарнама орналасатыруды;
    • өнеркәсіптік меншік нысандарының Қазақстан Республикасында тіркелген мәліметтер қорын жасау және таратуды;
    • өнеркәсіптік меншік нысандарын электронды формада тіркеуге өтінім бланкілерін автоматты толтыру бойынша бағдарламаларды іске асыруды жүргізеді.