Филиал басшылығы

Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК филиалының директоры

 

filial1

Орынбекова Зауре Орынбековна – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры

 

1974 жылдың 21 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

  

Білімі:

1991-1995 жж. - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті химиялық факультетінің бакалавриаты;

2001-2003 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химикалық факультетінің магистратурасы;

2003-2005 жж. – ҚР БҒМ А.Б. Бектұров атындағы Химиялық институты дәрілік заттектерінің химия зертханасының аспирантурасы.

Химиялық ғылымдар кандидаты. 

Еңбек жолы:

 1995-2001 жж. - Өскемен қ. облыстық лицейдың химия оқытушысы;

 2005-2009 жж. - ҚР БҒМ А.Б. Бектұров атындағы Химиялық институты дәрілік заттектерінің химия зертханасының ғылыми қызметкері;

 2009-2011 жж. – «ҰЗМИ» РМҚК филиалы өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер қызметінің жетекші сарапшысы;

 2011-2013 жж. - «ҰЗМИ» РМҚК филиалы өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер қызметінің жетекшісі;

 2013-2015 жж. - «ҰЗМИ» РМҚК филиалы өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы;

 2015ж. қыркүйек аынан бастап – Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК филиалының директоры.

20 астам жарияланған жұмыстары бар, 10 өнертабыстың авторы.

 

filial1

Төлеген Бейбіт Кеңесұлы «ҰЗМИ» РМК филиалы директорының орынбасары.

05.02.1959ж.Талдықорған қ. дүниеге келген.

Еңбек жолы:

Мемлекеттік нотариаттық кеңсенің нотариусы, нұсқаушы, аудандық атқару комитеті бөлімінің меңгерушісі, Алматы облысы Халық депутаттары кеңесі төрағасының көмекшісі (1983-1992ж.);

ҚР Монополияға қарсы комитеті Секретариатының меңгерушісі, кеңесші, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімі секторының меңгерушісі, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Конституциялық Кеңес бөлімінің меңгерушісі, Алматы облысы заң басқармасының бастығы (1992-2003гг);

Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің бас инспекторы, Талғар ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, «НұрОтан» партиясының Қарасай ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2003-05. 2017);

ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалы директорының орынбасары (09. 06.2017ж)

 

 Хат-хабарлар жұмысы, ақпараттық технологияларды басқару басқармасы

DyusebaevaДюсебаева Дина Маратқызы – Хат-хабарлар жұмысы, ақпараттық технологияларды басқару басқармасының басшысы. 

 1973 жылдың 17 қыркүйегінде Талғар қ. дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, мамандығы - педагогика және психология;

Гончаров атындағы Қазақ автомобиль- жол институты, мамандығы – экономика.

Еңбек жолы:

 1993 – 1994 жж. - «Құрылыс- жол машиналары және жабдықтау» кафедрасының өндірістік оқу шебері;

 2002 ж. - «ҚПСИ» РМҚК – хатшы- референт, іс жүргізуші, кеңсе;

 2002 ж. – «ҚПСИ» РМҚК талдаулық зерттеулер бөлімінің жетекші маманы;

 2003 - 2005 жж. - «ҰЗМИ» РМҚК тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер қызметінің сарапшысы;

 2010 – 2011 жж.– «ҰЗМИ» РМҚК филиалы кеңсесінің аға маманы; 

 2011 – 2013 жж. - «ҰЗМИ» РМҚК филиалы кеңсесінің меңгерушісі;

2013 ж. бастап - «ҰЗМИ» РМК филиалы хат-хабарлар жұмысы, ақпараттық технологияларды басқару басқармасының басшысы.

  

Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасы 

 

filial4Жакитова Гүлжан УзакбаевнаӨнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы. 

 1959 жылдың 9 қарашасында Алматы облысында дүниеге келген.

 

 Білімі:

1976-1981 жж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, химиялық факультет;

Техникалық ғылымдар кандидаты, доцент. 

 

Еңбек жолы:

 1982-1988 жж. - Шығыс Қазақстан облысы Саратов орта мектебінің химия оқытушысы; 1988-1997 жж. - Әл – Фараби атындағы ҚазМУ бейорганикалық химия кафедрасының аға лаборант, инженер, жетекші инженері;

 1997-2011 жж. - А.Б. Бектуров атындағы Химиялық ғылымдар институты тыңайытқыштар және тұздар химиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері;

 2011-2013 жж. – «ҰЗМИ» РМҚК филиалы өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер қызметінің жетекші сарапшысы;

 2013-2015 жж. - «ҰЗМИ» РМК филиалы өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы;

 2015 ж. қыркүйек айынан бастап - «ҰЗМИ» РМК филиалы өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы.

120 астам жарияланған жұмыстары бар, 7 өнертабыстың авторы. 

 

Тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер басқармасы

 

OmarbekovaОмарбекова Жанна Ермекқызы – Тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер басқармасы басшысы.

 1966 жылдың 20 қаңтарында Көкшетау облысында дүниеге келген.

 

Білімі:

1991 ж. - Алматы Педагогикалық Шет тілдері институты (АПШТИ), ағылшын тілі оқытушысы;

2009 ж. - «Экономика және құқық академиясы», «құқықтану».

 

Еңбек жолы:

 1991 – 1992 жж. - Алматы қ. № 95 орта мектебінің қазақ тілі және ағылшын тілі оқытушысы;

 1992 – 1994 жж. - МК «Отбасылық іс», хатшы – референт;

 1994 – 1997 жж. - «Әлемсистем» қаржы – инвестициялық компаниясы, Қор меңгерудің акцияларымен жұмысы бойынша бөлімінің бас менеджері;

 2001– 2007 жж. – «ҰЗМИ»РМҚК тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілерді сараптау қызметінің жетекші сарапшысы;

 2007 – 2009 жж. – «ҰЗМИ» РМҚК оқу орталығының жетекші сарапшысы;

 2009 – 2011 жж. - «ҰЗМИ» РМҚК филиалының тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілері бойынша іздестіру зерттеулер қызметінің жетекші сарапшысы;

 2011 – 2013 жж. - «ҰЗМИ» РМҚК филиалының тауар таңбалары бойынша іздестіру зерттеулер қызметінің жетекшісі;

2013 ж. бастап - «ҰЗМИ» РМК филиалының тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер басқармасы басшысы.

 

Оқу орталығы

Серикбаева Жамал Аманжановна – Оқу орталығының басшысы.

 

07.04.1978 Жамбыл  облысында дүниеге келген.

  

Білімі:

Алматы экономикалық колледжі (1995-1997ж.);

Орта- Азиялық университет, экономист (2000-2002ж.) (2000-2002гг)

Жамбыл гуманитарлық- техникалық университеті, заңгер (2010-2012ж.);

 

Еңбек өтілі:

Абзал-Аудит аудиторлық компаниясы, офис-менеджер (2000-2003);

«КазТрансОйл» ғылыми- техникалық орталығы, архивист (2005);

Қазақ ұлттық аграрлық колледж, «Банк ісі» пәнінің мұғалімі (2006);

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы қаласындағы филиалының кадрлар жөніндегі инспекторы (09.01.2007 – 03.2013);

Оқу орталығының жетекші маманы, бас маманы (2013-2016);

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қаласындағы Оқу орталығының бастығы (2017);