Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Бірегей дизайнды (өнеркәсіптік үлгіні) құқықтық қорғау

Айдар:
Бірегей дизайнды (өнеркәсіптік үлгіні) құқықтық қорғау
Cұрақтар:

1. Бірегей дизайнға (Өнеркәсіптік үлгіге) құқықтық қорғауды немесе тіркеуді қалай алуға болады?
2. Өнеркәсіптік үлгіні қорғау мерзімі қандай?
3. Өнеркәсіптік үлгіні қорғау көлемі қалай айқындалады?
4. Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру күні қашан белгіленеді?
5. Өнеркәсіптік үлгінің нұсқаларына қашан өтінім беруге жол беріледі?
6. Өнеркәсіптік үлгінің қандай аналогтары болады?
7. Өнеркәсіптік үлгіге мәні бойынша сараптама жасауға төлем құжатын қандай мерзімде ұсыну қажет?
8. Өнеркәсіптік үлгініің сипаттамасы үшін не қажет?
9. Өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы қандай бөлімдерді қамтиды?
10. Өтінім құжаттарына өтінім беруші сараптаманың қандай сатысында өзгерістер енгізе алады?
11. Өтінім берушінің өнеркәсіптік үлгі бойынша теріс сараптамалық қорытындыға қандай мерзімде уәкілетті органға қарсылық беруге құқығы бар?

________________________________________

1. Бірегей дизайнға (Өнеркәсіптік үлгіге) құқықтық қорғауды немесе тіркеуді қалай алуға болады?

Бірегей дизайн авторының Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-1 Патент заңының (бұдан әрі – Патент заңы) нормалары бойынша өнеркәсіптік үлгі ретінде құқықтық қорғау түрін таңдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының нормалары бойынша авторлық құқықты тіркеуге мүмкіндігі бар.
Авторлық және сабақтас құқықтарды тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары департаментіне өтініш беру қажет.
________________________________________

2. Өнеркәсіптік үлгіні қорғау мерзімі қандай?

Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

________________________________________
3. Өнеркәсіптік үлгіні қорғау көлемі қалай айқындалады?

Патент заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге патентпен берiлетiн құқық қорғау көлемi бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған және өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады. Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге түсiнiк беру үшiн сипаттамалар мен сызбалар пайдаланылуы мүмкiн.

________________________________________

4. Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру күні қашан белгіленеді?

Патент заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiм берiлген күн болып сараптама жасау ұйымына өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы өтінімде келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе өтінім берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп белгiленедi.
________________________________________

5. Өнеркәсіптік үлгінің нұсқаларына қашан өтінім беруге жол беріледі?

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік үлгіге өтінімдерді жасау, ресімдеу және қарау, Қазақстан республикасының Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру туралы қағидаларының 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, белгіні іске асырудың бірнеше нысандары болған кезде әрқайсысы осы нысандардың біреуін сипаттайтын белгіні қамтитын өнеркәсіптік үлгінің нұсқаларына өтінім беруге рұқсат беріледі.
________________________________________

6. Өнеркәсіптік үлгінің қандай аналогтары болады?

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік үлгіге өтінімдерді жасау, ресімдеу және қарау, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру туралы қағидаларының 19-тармағының 2)тармақшасына сәйкес, Өнеркәсіптік үлгінің аналогтары» бөлімінде өтінім берілген үлгіге неғұрлым жақын аналогтарды көрсетіп, сондай-ақ келтірілген аналогтарды қамтитын ақпарат көздерінің библиографиялық деректерді көрсете , анықталған аналогтардың сипаттамалары келтіріледі.
Өнеркәсіптік үлгілердің аналогтарына өтінім берілген өнеркәсіптік үлгінің мақсатына ұқсас бұйымның оған маңызды белгілері бойынша ұқсас, оның басымдық күніне дейін жалпыға қолжетімді болған мәліметтерден белгілі көркем-конструкторлық шешімдері жатады, ең жақын аналогқа өтінім берілген өнеркәсіптік үлгіге маңызды белгілерінің жиынтығы бойынша неғұрлым ұқсас аналог жатады.
Өтінімде өнеркәсіптік үлгінің нұсқалары болса, олардың әрқайсысына неғұрлым жақын аналог көрсетіледі.
________________________________________

7. Өнеркәсіптік үлгіге мәні бойынша сараптама жасауға төлем құжатын қандай мерзімде ұсыну қажет?

Патент заңының 24-бабының 3-тармағының 2)тармақшасына сәйкес, өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенi туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына табыс етiледi.
________________________________________

8. Өнеркәсіптік үлгініің сипаттамасы үшін не қажет?

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік үлгіге өтінімдерді жасау, ресімдеу және қарау, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру туралы қағидаларының 2-тармағының 16)тармақшасына сәйкес, өнеркәсіптік үлгінің суреттемесі сөздік түрде бұйымның сыртқы түрін сипаттауы керек.
Суреттеме өнеркәсіптік үлгінің атауынан басталады. Атауының алдында қолданыстағы ӨҮХС редакциясының өнеркәсіптік үлгі жататын индексінің айдары көрсетіледі.
________________________________________

9. Өнеркәсіптік үлгініің сипаттамасы қандай бөлімдерді қамтиды?

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік үлгіге өтінімдерді жасау, ресімдеу және қарау, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру туралы қағидаларының 2-тармағының 16)тармақшасына сәйкес, сипаттамада мынадай бөлімдер қамтылады: 1) өнеркәсіптік үлгіні қолдану аясы мен оны белгілеу; 2) өнеркәсіптік үлгінің үйлес нұсқасы; 3) өнеркәсіптік үлгінің мәні; 4) өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілерінің тізбесі.
Егер өтінім өнеркәсіптік үлгілер тобына берілсе сипаттама бөлімдері топтың әрбір өнеркәсіптік үлгісіне қатысты ақпаратты қамтуға тиіс.
Суреттемеде нөмірлеріне сәйкес, фотосуреттер, суреттер, сызбалар мен, сондай-ақ басқа да суретпен көрсетілген материалдар көрсетіледі және олардың әрқайсысында кескіндеменің қысқаша сипаттамасы көрсетілген өнеркәсіптік үлгінің кескіндемелер тізбесі көрсетіледі.
________________________________________

10. Өтінім құжаттарына өтінім беруші сараптаманың қандай сатысында өзгерістер енгізе алады?

Патент заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес, тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiм берушiнiң сараптама ұйымына тиісті өтінішхат беру арқылы өтiнiм құжаттарына мәлімделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ қорғау құжатын алуға құқықты беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер енгiзуге құқығы бар.
Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда төлем алынбайды.
________________________________________

11. Өтінім берушінің өнеркәсіптік үлгі бойынша теріс сараптамалық қорытындыға қандай мерзімде уәкілетті органға қарсылық беруге құқығы бар?

Патент заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес, мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң өтiнiм берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы, егер өтiнiм өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалмайтын объектiге жататын болса және, егер өтiнiм берушi ол туралы хабарланғаннан кейiн елеулi белгiлердiң жиынтығын өзгертпеген, елеулi белгiлердiң ұсынылған жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болған немесе өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсiптiк үлгiнiң бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты оған қатысты қарау жүргiзiлмеген жағдайда да берiледi.
Өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Апелляциялық кеңес қарсылық түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде оны қарауға тиiс.

Жарияланған: 22 January, 2018 - 00:08 Барлық сұрақтар