Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-14
+7 (7273) 44-30-15
kazpatent@kazpatent.kz

Жеделдетілген сараптама

ӨНЕРТАБЫСҚА ПАТЕНТ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІМДЕР БОЙЫНША ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН САРАПТАМА

 

16.07.1999 жылғы №427 Қазақстан Республикасының Патент заңының 22 бабының 13-1 тармағына сәйкес, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделге объектілергі жататын болса, өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған сараптама жеделдетілген түрде жүргізіледі.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларының 88 тармағына сәйкес (ҚР Әділет министрінің 29.08.2018 ж. № 1349 бұйрығымен бекітілген және ҚР Әділет министрінің 26.12.2018 ж. №1630 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес) жеделдетілген сараптама жүргізуге патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілер ретінде келесі өнертабыстар танылған:

 

  1. қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайтуға бағытталған және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн жаңартылатын энергия көздерiн қолданып, (күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды) ойлап табылған өнертабыстар;
  1. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнертабыстар.

 

Өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптаманы жеделдетіп жүргізу он күн ішінде ресми сараптаманы жүргізуді, екі ай ішінде ақпараттық іздеу жүргізуді, үш ай ішінде мәні бойынша жеделдетілген сараптама жүргізуді қамтиды.

Өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптаманы жеделдетіп жүргізу туралы өтінім берушінің өтінішхаты өтінім берген кезде беріледі. Өтінішхатпен бір мезгілде ресми және мәні бойынша жеделдетілген сараптамаға төлемді растайтын құжат тапсырылады.    

 Ресми және мәні бойынша жеделдетілген сараптамаға төлемді растайтын құжат тапсырылмаған жағдайда өтінішхат берілмеген болып табылады, ол туралы өтінім берушіге өтінішхат берілмеген деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.Өтінімге жеделдетілген сараптама жүргізуді есептеу мерзімі өтінім берушіден, сараптаманың хабарламалары мен сұратуларына жауаптарды, тиісті төлемді растайтын құжатты қоса алғанда, қажетті құжаттарды алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Жеделдетілген сараптама төлем мөлшері

 

Рет

Атауы

Заңды тұлғалар үшін

Кіші және орта бизнес субъектілері үшін

Жеке тұлғалар үшін

Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, мүгедектер, жалпы білім беру мектеп және колледж оқушылары, жоғарғы оқу орны студенттері, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер үшін

1

2

3

4

5

6

1.

Өнертабысқа  өтінімдерді  қабылдау және жеделдетілген ресми сараптама  жүргізу

       

1)

өтінімді қағаз тасымалдаушыда қабылдау кезінде

23 367,68

18 694,14

7 010,08

467,04

2)

өтінімді электрондық түрде қабылдаған кезде

19 862,08

15 889,66

5 958,40

397,60

 2.

Өнертабысқа өтінімге мәні бойынша жеделдетілген сараптама жүргізу

80 351,04

64 280,83

24 104,64

1 607,20

1) 

Өнертабыс формуласының бірден астам әр тәуелсіз тармағы үшін қосымша

53 519,20

42 815,36

16 055,20

1 070,72

 

 
Қазан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
28
29
30
31