Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Тізілімге өзгерістер енгізу және мәліметтерді жою тәртібі

Тізілімде өтініш берушінің өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізілген мәліметтердің тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.  

Бұл ретте техникалық сипаттағы қателердің түзетілуіне байланысты Тізілімге өзгерістерді енгізу осы Тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер енгізу туралы өтініш сараптама жасау ұйымы алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүзеге асырылады. 

Тізілімнен мәліметтерді жою осы Тізілімнен мәліметтерді жою туралы өтініші бойынша, сондай-ақ куәлікті жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі.

Соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде Тізілімнен мәліметтерді жою сараптама жасау ұйымына сот шешімі түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.