Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-14
+7 (7273) 44-30-15
kazpatent@kazpatent.kz

Тіркеуге жататын шарттардың түрлері

1) Айрықша құқықты беру (беру) туралы шарт  

Айрықша құқықты беру шарты бойынша бір тарап өзіне тиесілі өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты толық көлемде немесе ішінара басқа тарапқа береді.

2) Лицензиялық шарт

Лицензиялық шарт бойынша  зияткерлік шығарылған қызмет нәтижелеріне немесе дараландыру құралдарына айрықша құқықты иеленетін тарап (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) белгілі бір түрде тиісті зияткерлік меншік объектісін уақытша пайдалану құқығын береді.

3) Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешен), соның iшiнде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, патент және т.б.) беруге мiндеттенедi.

4) Кепіл шарты

Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтарға кепіл шарты – бұл өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықты иеленетін бір тарап басқа тараптың алдында борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің құқынынан қанағаттандыруды алуға құқылы болатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін шарт.

 

 
Қыркүйек 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30