Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі

Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.

Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады. Қолданылу мерзімін ұзарту бойынша өтінішті беру және құжат айналымды жүргізу үшін тауар таңбасының иесі Қазақстан Республикасы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлге немесе тиісті сенімхатты бере отырып, өзге өкілге уәкілеттілік бере алады. Тиісті өтінішті «ҰЗМИ» РМК мекенжайына жіберу қажет. Өтініш еркін нысанда толтырылады. Бұл ретте тіркеу нөмірін (тауар таңбасының нөмірі немесе өтінім нөмірі), мерзімін ұзарту жүзеге асырылатын Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі – ТҚХС) сыныптарын көрсету қажет. Өтінішке тауар таңбасының иесі немесе оған берілген сенімхат негізінде әрекет ететін өкіл қол қоюы тиіс.

Сонымен бірге тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін төлемді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «ҰЗМИ» РМК жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтер құнына сәйкес жүргізу қажет. Тауар таңбасын үш сыныпқа дейін тіркеу әрекеті мерзімін ұзартқаны үшін төлем 27 200,32 теңгені құрайды.  Егер ТҚХС сыныптарының тізімі бойынша тауар таңбасы әрекеті үш жылдан асатын мерзімге ұзартылған жағдайда, үшеуден асатын әрбір сынып үшін қосымша 13 900,32 теңге мөлшеріндегі соманы төлеу қажет.

Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес өтiнiш беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты ай iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiлуi мүмкiн.

Егер қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш тіркеудің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін алты ай ішінде берілсе, жіберілген мерзімді қалпына келтіру үшін 31 299,52 теңге мөлшерінде төлемді жүргізу қажет.