Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу мен оның басымдығы

Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу мен оның басымдығы

Тауар таңбаларына құқықтарды халықаралық қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін Мадридтік жүйе Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадридтік келісім (бұдан әрі – Мадрид келісімі) мен Мадрид келісіміне Хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) сәйкес жүзеге асады.  Осы жүйені әкімшілік басқару Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросы арқылы іске асырылады. 

Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 25 желтоқсанынан Мадрид келісімінің және 2010 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Хаттаманың қатысушысы болып табылады.

Мадридтік жүйе тауар таңбаларының иелеріне таңбаларын  Мадридтік одақтың бірнеше мүше елдерінде бір өтінім беру мен бір баж салығын төлеу арқылы қорғау мүмкіндігін береді.  Сондай-ақ тауар таңбасын ары қарай басқару жеңілдейді, өйткені бір ресімдік әрекет арқылы өзгерістер енгізуге, құқық көлемін шектеуге, тіркеуді ұзартуға және т.б. әрекеттерге мүмкіндік болады.

Мадридтік жүйеге мүше елдер

http://www.wipo.int/export/sites/www/treaties/en/documents/pdf/madrid_marks.pdf

Халықаралық өтінім

Таңба халықаралық тіркеуге егер ол ұлттық ведомствода тіркелген немесе тіркеуге өтінім берілген болса беріледі.

Халықаралық өтінім Халықаралық бюроға аталған өтінімдегі мәліметтер ұлттық өтінім немесе тіркеу мәліметтеріне сәйкестігін растайтын Ведомство  арқылы беріледі. Мұндағы ведомство ұлттық өтінім берілген немесе тіркелген ведомство болып есептеледі.

Халықаралық өтінімде Париж конвенциясының 4 бабына сәйкес басымдылық сұратуға болады. Париж конвенциясының басқа қатысушы елдерінде басымдық құқығының туу негізі болып ұлттық өтінімнің берілгендігі мойындалады.

Халықаралық өтінімнің үш түрі бар:

  1. тек Мадридтік келісіммен реттелетін халықаралық өтінім (ММ1 формасы);
  2. тек Хаттамамен реттелетін халықаралық өтінім (ММ2 формасы);
  3. Мадридтік келісім және Хаттамамен реттелетін халықаралық өтінім (ММ3 формасы).

Халықаралық өтінім Мадридтік жүйенің үш тілінің бірінде, атап айтқанда ағылшын, француз және испан тілінде берілуіне болады. Қазақстан ведомствосы өтінімдерді ағылшын және француз тілдерінде ресімдейді.

Халықаралық бюрода таңбаны тіркеу осы көрсетілген алдын ала халықаралық баж төлеу арқылы іске асыды:

  1. негізгі баж салығы;
  2. үштен жоғары әрбір тап үшін қосымша баж салығы;
  3. қорғауды кеңейту туралы әр өтініш үшін қосымша баж салығы.

Хаттаманың  8(7) бабына сәйкес кез келген  Хаттаманың Келісуші тарабы 3 ter бабына сәйкес көрсетілген әрбір халықаралық тіркеуге қатысты, сондай-ақ мұндай халықаралық тіркеуді ұзартуға қатысты қосымша және қоспа баждың бөлігінің орнына баж салығын (бұдан әрі «жеке баж салығы» аталатын) алатындығын мәлімдей алады.

Аталған баж тікелей Халықаралық бюроға төленеді.

Халықаралық бюро халықаралық өтінімнің Мадрид келісіміне, Хттамаға және Жалпы ережелерде қаралған талаптарға сәйкестігін тексереді.  Егер өтінім талаптарға сай болмаса Халықаралық бюро ол жайлы Ведомство мен өтінім берушіні хабардар етеді және көрсетілген ескертпелерді түзетуге үш ай мерзім береді. Егер өтінім барлық талаптарға сай болса таңба Халықаралық тізілімде тіркеліп, ресми бюллетеньде жарияланады. Осыдан кейін Халықаралық бюро  қорғау сұраған әрбір Келісуші тарапты ескертеді.

 

Халықаралық тіркеуге өтінім беруге қажет:

  1. өтінім беруші/құқық иеленушінің халықаралық өтінімді ресімдеуге және Халықаралық бюроға жолдауға (егер өтінім «ҰЗМИ» РМК-да ресімделсе)  өтініш хаты немесе халықаралық бюроға халықаралық өтінімді жолдау туралы (егер өтінім өтінім беруші/құқық иеленушімен дербес ресімделсе) өтініш хаты;
  2. Халықаралық бюроның Жалпы ережелер талаптарына сай ресімделген ресми нысаны (дербес ресімдеген жағдайда). Ресми бланктер ДЗМҰ-ның сайтында қол жетімді;
  3. таңбаны халықаралық тіркеу үшін Халықаралық бюроға төленген баж салығын растайтын құжат
  4. өтінімді ресімдеуге, тауар/қызмет тізімін ағылшын немесе француз тіліне аударуға, өңдеу және Халықаралық бюроға жолдағаны үшін «ҰЗМИ» РМК қызметіне төленген ақыны растайтын құжат

Келесі нұсқаулар

Халықаралық тіркеудің қолданылуы ММ4 формасы арқылы берілген алғашқы халықаралық өтінімде көрсетілмеген кез келген Келісуші тарапқа таратылуы мүмкін. 

Тіркеудің қолданылу мерзімі. Ұзарту.

Халықаралық тіркеу 10 жыл әрекет етеді. Оны баж салығын төлеу арқылы ары қарай тағы 10 жылға ұзартуға болады. Халықаралық бюро таңба иесіне және болған жағдайда оның өкіліне халықаралық тіркеудің мерзімінің өтуінен 6 ай бұрын ескерту жолдайды.

Халықаралық тіркеу барлық Келісуші тараптарға қатысты немесе кейбіріне қатысты ұзартылады.

 

Халықаралық тіркеудің негізгі таңбамен байланысы

Халықаралық тіркеу мерзімінен бес жыл ішінде халықаралық тіркеу негізгі өтінім немесе тіркеуге тәуелді болып қала береді. Егер негізгі тіркеу Ведомство  немесе сот  шешімімен жою нәтижесінде не иесінің өз еркімен бас тартуы немесе осы бес жылдық кезең ішінде ұзартылмаған жағдайда негізгі тіркеу қолданыста болмаса халықаралық тіркеу одан әрі қорғалмайды. Осыған ұқсас жолмен негізгі өтінім негізінде берілген халықаралық тіркеу егер негізгі жойылған немесе осы бес жыл ішінде бас тартылған болса немесе осы кезең ішінде осы өтінім бойынша тіркеу әрекеті тоқтатылса өз күшін жояды.

Егер қажет болса, ведомство тоқтату немесе бас тартуға қатысты фактілер мен шешімдер туралы Халықаралық бюроға хабарлауға тиіс және қажетті дәрежеде халықаралық тіркеудің күшін жою туралы өтінішін жібереді. Күшін жою Ресми бюллетеньде жарияланады және Келісуші Тараптарға жіберіледі.

Таңба иесі жойылған күннен бастап үш ай ішінде Хаттамаға сәйкес көрсетілген Келісуші тараптардың ұлттық органдарына өтініш берген болса, онда өтініш халықаралық тіркеу басымдығын алады. Бұл іс-шара Мадрид келісіміне сәйкес тағайындалған Келісуші тараптар үшін қол жетімді емес.

Бес жыл мерзімнен кейін халықаралық тіркеу ұлттық тіркеу немесе өтінімнен тәуелсіз болып табылады.

 

Халықаралық тізілімдегі өзгерістер

Таңба иесінің немесе оның өкілінің атауы немесе мекен жайының өзгеруі Халықаралық тізілімге сұрау салу арқылы енгізуге болады.

Осылайша, халықаралық тіркеу иесінің өзгеруі Келісуші тараптарға бірдей немесе жартылай барлық тауарлар мен қызметтерге немесе жартылай қатысты болып енгізіледі. 

Халықаралық тізілімге мыналарды енгізуге болады:

  1. халықаралық тіркеуде көрсетілген Келісуші тараптардың барлығына немесе кейбіріне тауар мен қызметтер тізімін шектеу;
  2. Келісуші тараптардың кейбіріне барлық тауар мен қызметтерге қатысты бас тарту;
  3. Келісуші тараптардың барлығына барлық немесе кейбір тауарлар мен қызметтерге қатысты халықаралық тіркеуді тоқтату (жою);
  4. Келісуші тараптардың барлығына немесе кейбіріне барлық немесе кейбір тауар мен қызметтерге берілген лицензия.

Өзгерістер, тоқтатулар және лицензиялар туралы ақпарат Ресми бюллетеньде жарияланады және көрсетілген Келісуші тараптарға жолданады.

Халықаралық тіркеудегі таңбаға қатысты ұзарту кезінде де, басқа кезде де өзгерістер енгізіле алмайды.  Осы жолмен тауар және қызмет тізімі  де өзгертілмейді,  бұл қорғау көлемін кеңейтеді.

 

Баж салығын есептеу мен төлеу

Мадридтік жүйе аясында барлық баж алықтары швейцариялық франкпен есептеледі және төленеді.

Халықаралық бюро сайтында халықаралық тіркеу үшін баж салығын есептеуге мүмкіндік беретін тегін қызмет ұсынылады.

Баж салығын есептеуге калькулятор мына мекен жайда көрсетілген:  http://www.wipo.int/madrid/en/fees/calculator.jsp.