Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Тауар шығарылған жердiң атаулары дегеніміз не

Тауар шығарылған жердiң атауы (ТШЖА) зияткерлік меншіктің бірегей объектісі болып табылады. 

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ТШЖА – елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі.

ТШЖА әрқашан нақты географиялық объектке көрсетеді, себебі ол нақты географиялық объектпен бөлінбей қарастырылады. Тауар өндірісін бір географиялық объектіден екінші объектке ауыстыру мүмкін емес.

Тауар таңбасымен ұқсастығына қарамастан ТШЖА-да бірнеше белгілері болады. Біріншіден, тауар белгісі тауар белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатындығын көрсетуі тиіс. Осыған байланысты ТШЖА ретінде Заңға сәйкес мемлекеттердің, елді мекендердің, жердің атауларын, оның ішінде олардың тарихи атауларының, сонымен бірге басқа географиялық объектілердің атаулары тіркелуі мүмкін.

Екіншіден, ТШЖА белгісі болып тауар мен оның ерекше қасиеттері, сапасы, беделі немесе басқа сипаттамалары белгілері арасындағы байланыс саналады. 

ТШЖА-ның ерекше қасиеттері, сапасы, беделі немесе басқа сипаттамалары мұндай географиялық объект үшін табиғи жағдайларға немесе адам факторларына немесе табиғи жағдайларға және адам факторларына бір мезгілде тән болып айрықша немесе басты негізде анықталады.

Табиғи факторлар топырақ, климат, су құрамы, ауаның нақты ылғалдылығы және т.с.с. ерекшеліктерімен тұспалдануы мүмкін. Мысал ретінде ұңғымалардан өндірілетін және судың химиялық құрамына ие «Сарыағаш», «Ессентуки», «Боржоми» секілді минералдық суларды келтіруге болады.

Адам факторларына жататын ерекше қасиеттерге мәдени, кәсіби және өндірістік дәстүрлер жатады, яғни адам факторларына жергілікті шеберлердің кәсіби машықтарын түсінуге болады. Өкінішке орай, бүгінгі күнгі жағдай бойынша ТШЖА мемлекеттік тізілімде бірде бір ТШЖА тіркелмеген, ТШЖА-ның адам факторларының географиялық объектпен сипаттамасымен байланысты болады.

Мысал ретінде басқа мемлекеттерде тіркелген атауларды келтіруге болады, атап айтқанда, «Вологодские кружева», «Хохломская роспись», «Палехские шкатулки», «Шведская сталь» және «Эстонские рояли».

Тауар таңбасына қарағанда тіркелген ТШЖА-ны пайдалану құқығына тек қана бірінші өтінім берген тұлға емес, басқа тұлғаларда ала алады.

Шын мәнінде, бірінші өтініш беруші Мемлекеттік тізілімде тіркелетін өнім сапасының нақты параметрлерін орнатады. Тіркелген ТШЖА-ны пайдалануды қалайтын тұлға тіркелген параметрлерге сәйкес келетін өз өнімінің сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

Заңда таруар өндірісі орнына қатысты күмән келтіруі мүмкін географиялық объектілер атауына, тауар өндірісі кешенді орнына көрсететін, бірақ тауар өндірісі орнымен байланысты емес географиялық объектілердің атауынан тұратын басқа аймақтан шығарылатын тауардың қате түсінігін келтіретін белгілерден тұратындығы анық болады.

Заң тауардың шығарылған жерімен байланысты емес беглі түрдегі тауар белгісі ретінде жалпы пайдаланудағы Қазақстан Республикасына кірмеген және географиялық объект атауынан тұратын және ұсынылған түрі ретінде ТШЖА белгісі танылмайды, яғни тұтынушы үшін оның ерекше қасиеттері куәландырылатын белгісі мен тауардың нақты орналасқан жерін көрсету мәні белгіленген түріне қатысты болады.

Бұл әдетте тауар шығарылған жердiң атауын кеңінен пайдаланумен байланысты жүзеге асырылады және өндірі жерінің географиялық атауымен байланысты жібереді. Мысалы, «Швейцарский сыр», «Бразильское кофе», «Жигулевское пиво», «Полтавская колбаса», «Краковская колбаса», «Одеколон» (eau de Cologne, кельнская вода) және т.с.с. кеңінен танымал белгілердің шынайы шығарылған орнымен танымал болуы байқалады.

Тауар таңбасына қарамастан ТШЖА сипаттамасы ТШЖА пайдалану құқықтары иеленушілері ТШЖА-ны пайдалану құқығын ешкімге бере алмайды және ТШЖА-ны пайдалану құқығына лицензиясын бере алмайды.

Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалануға құқықты алу үшін, ең алдымен, сараптама жасау ұйымына өтінім беру қажет екендігі анықталады.

Тіркегеннен кейін тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы ТШЖА мемлекеттік тізілімнен үзінді-көшірмемен куәландыратын және оны пайдаланудың айрықша құқығы ие болады.

ТШЖА пайдалану құқығының әрекет ету мерзімін әрбір 10 жылға ұзарту тауардың ерекше қасиеттерін, оның сапасы мен басқа сипаттамаларын сақтаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.