Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Шарт бойынша ерекше құқыққа иелік ету

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 11-бабының 6-тармағына сәйкес патент иеленушi өзі алған қорғау құжатын жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Өзгеге беру шарты уәкiлеттi органда мiндетті түрде тiркелуге жатады.

Бұған қоса Қазақстан Республикасы Патент Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы.

Қорғау құжатын өзгеге беру шартын және лицензиялық шартты тіркеу «ҰЗМИ» РМК сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдар сараптамасы нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Өзгеге беру шарты мен лицензиялық шарт жазбаша түрде жасалынып, уәкілетті органда, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде міндетті түрде тіркелуі тиіс.

«ҰЗМИ» РМК-да өзгеге беру шартын тіркеу үшін белгіленген нысандағы өтініш ұсынылады.

Өтінішке:

  1. Нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын, титулдық парақпен жабдықталған, өзгеге беру шартының төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған уәкілеттік берілген екі тарап тұлғаларының не өтініш берушінің қолдары қойылады.
  2. Өзгеге беру шарты түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
  3. Өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда – сенімхат;
  4. Мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.

Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімін ұсынады.

Лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш ұсынылады.

Өтінішке:

  1. Титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған уәкілеттік берілген екі тарап тұлғаларының қолдары қойылады.
  2. Материалдарды тіркеуге беру шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
  3. Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
  4. Өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда – сенімхат;
  5. Мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.

Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, лицензиардың (қосалқы лицензиардың) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлғаның атынан өтініш берілген жағдайда кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.

Бланктердің нысандары:

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өзгеге беру шартын тіркеу туралы өтініштің бланкісі

Жеке өзгеге беру шартын тіркеу туралы өтініштің бланкісі

Өзгеге беру шарты (өнертабыс)

Өнертабысқа патентке құқықты ұсыну туралы шарт

Кешенді лицензия шартын (франчайзингт) тіркеу туралы өтініштің бланкісі

Кепілзат шартын тіркеу туралы өтініштің бланкісі

Лицензиялық шартқа қосымша келісімді тіркеу туралы өтініштің бланкісі

Лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шартты тіркеу туралы өтініштің бланкісі