Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Селекциялық жетістіктерді қорғау

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-1  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікке құқықты қорғау патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады.

Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнiнен селекциялық жетiстiктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткiзудi селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы қызмет түрi ретiнде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады, олар өндiрiсте пайдалануға ұсынылатын тиiстi Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзедi.

Патент беруге өтінімге сараптама екі сатыдан: алдын ала сараптамадан және патентке қабілеттілікке сараптамадан тұрады.   

Предварительная экспертиза проводится экспертной организацией Республиканское государственное предприятие «Национальный институт интеллектуальной собственности» Министерства юстиции Республики Казахстан (далее – РГП «НИИС»).В ходе проведения предварительной экспертизы проверяется наличие необходимых документов и выполнение установленных к ним требований. Өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi. 

Алдын ала сараптама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өтінімді одан әрі қарау және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Мемлекеттік комиссиясына өтінім материалдарын жіберу туралы шешім қабылдайды.

Алдын ала жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер туралы мәлiметтер өтiнiм түскен күннен бастап 18 ай өткеннен кейiн бюллетеньде жарияланады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Мемлекеттік комиссиялары патент беру туралы ұсынған қорытындылар бойынша уәкілетті орган патент беру туралы шешім қабылдайды.

Патент беру туралы шешім және патентті, авторлық куәлікті беруге дайындаған, беру туралы мәліметтерді жариялау үшін төлемді және мемлекеттік бажды растау негізінде  селекциялық жетістік Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.

Патент оны беру туралы мәліметтерді ресми бюллетеньде жариялаумен бірге беріледі. Патент иеленуші патенттi күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi. 

Селекциялық жетістікке патент алу үшін өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау қағидаларымен www.kazpatent.kz «ҰЗМИ» РМК сайтында, «Өтінім берушілерге», «Селекциялық жетістіктер», немесе «Құқықтық база», «Бұйрықтар мен қағидалар», сондай-ақ мына байланыстар арқылы танысуға болады:   

Call-center - 8-7172-74-96-60

Өнертабыстарға, селекциялық жетістіктерге және пайдалы модельдерге формальды сараптама жасау басқармасы - 8-7172-74-91-37

Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі) және оның ұйымдарында өтінім беруші, құқық иеленушінің, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады. 

Тіркелген селекциялық жетістіктер www.kazpatent.kz «ҰЗМИ» РМК сайтында Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде («Өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі» бөлігінде) көрсетілген.   

Селекциялық жетістіктерді тіркеу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері және халықаралық шарттар

  1. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау  туралы Париж конвенциясы.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Ерекше бөлім
  3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі. 
  4. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-1  Қазақстан Республикасының Заңы.
  5. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі  № 88-V    Қазақстан Республикасының Заңы.           
  6. Әділет министрінің 2015 жылғы 26 мамырдағы бұйрығымен өзгерістер енгізілген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығы.
  7. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығы
  8. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығы.