Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Сараптама

Тауар шығарылған жердiң атауына және/немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын ұсынуға өтінім материалдарының сараптамасы өтінімді берген күннен бастап алты ай ішінде жүргізіледі. Сараптама барысында оның талаптарының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26, 27 және 29-баптарында белгіленген талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Сараптаманы жүргізу барысында төмендегілер тексеріледі:

  1. егер мәлімденген белгі тауар шыққан жердің атауы ретінде тіркелген жағдайында, Қазақстан Республикасы Тауар шығарылған жердiң атауы Тізілімдегі мәліметтерге, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасына сәйкестігі;
  2. өтінімді беру күнінде тауар шығарылған жердiң атауы ретінде көрсетілетін географиялық объекттің атауының болуы;
  3. мәлімделген белгі географиялық объектінің ресми қазіргі атауына немесе оның ресми тарихи атауына;
  4. өтінімде белгіленген шекараларда, нақты сол жерде, тауардың шыққан атауы ретінде аталатын атауы, географиялық объектінің орналасуын растайтын мәліметтерді;
  5. егер географиялық объектінің атауы өзінің тауардың нақты шыққан жерін және оның ерекше қасиеттерінің бастапқы қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, белгілі түрдің тауар өндірісінің жерімен байланысты емес, географиялық атауы ретінде қарастырылады.

Жергілікті атқарушы орган қорытындысының мазмұнын тексеру келесіні растайтын мәліметтердің болуын анықтаудан тұрады:           

  1. тауар шығарылған жердiң атауы ретінде мәлімделген атауының жердегі өтініш берушінің орналасқан жері;
  2. тауар шыққан жердің атауы ретінде аталатын, өтінімде аталатын мекен аймағында, өтініш берушімен тауар өндірісін;
  3. өтініш беруші шығаратын ерекше қасиеттері, сапасы, беделі немесе географиялық объектке табиғи шарттардың және (немесе) адам факторларының нәтижесінде (айрықша немесе негізінен) алынатын табиғи жағдайлардағы және (немесе) адам факторлардың геограциялық объектісі өтінімінде көрсетілген басқа сипаттамаларының болуы.