Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Әрекет ету мерзімін ұзарту

Тауар шығарылған жердiң атауын тіркеу көрсетілген географиялық объекттің аймағында шығарылатын тауардың ерекше қасиеттерін сақтаған жағдайда, мерзімсіз әрекет етеді.

Тауар шығарылған жердiң атауынн пайдалану құқығы өтінімді сараптама жасау ұйымына өтінімді берген күннен бастап он жыл ішінде әрекет етеді.

Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының әрекет ету мерзіміт шығарылған жердiң атауы тіркелген тауардың ерекше қасиеттері сақталынған жағдайда, оның әрекет етуінің соңғы жылы ішінде берілген иесінің өтінішхаты бойынша он жылға ұзартылатын болады.

Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының әрекет ету мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органның аталған географиялық объект шеңберінде өтініш беругі Қазақстан Республикасы Тауар шығарылған жердiң атаулары мемлекеттік тізілімінде көрсетілген ерекше қасиеттерге, сапаға, беделге немесе басқа сипаттамаларға ие тауарды өндіретіндігі туралы қорытындысымен бір мезгілде беріледі.

Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалануға құқықтың әректе ету мерзімін ұзарту туралы өтініштіберу мерзімі тіркеудің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін алты ай ішінде берілген иесінің өтініші бойынша қалпына келтіріледі.