Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Пайдалы модель дегеніміз не

Қазақстан Республикасы Патент заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес адамдарды немесе жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық және хирургиялық тәсілдерін қоспағанда, өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының көбеюіне), тәсілге (материалдық объектіге қатысты әрекеттерді материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге жатады.

Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:

  1. жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
  2. шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
  3. шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
  4. ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;
  5. есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
  6. ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
  7. бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
  8. қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар пайдалы модельдер деп танылмайтындығына назар аудару қажет.                          

Пайдалы модельге құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады.

Пайдалы модельге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.

Пайдалы модельге патенттерді беру туралы өтінімдердің сараптамасын сараптама жасау ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.

Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.

Пайдалы модельге патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.