Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту

Қазақстан Республикасы Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге патент өтінімді берген күннен бастап бес жыл ішінде әрекет етеді. Патенттің әрекет ету мерзімі патент иеленушісінің өтінішхатының негізінде үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Өтінішхат сараптама жасау ұйымына патенттің әрекет ету мерзімін ұзартқан жағдайда, патенттің әрекет етуінің бес жылы ішінде беріледі.

Патент иеленушісі пайдалы модельге патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту бойынша өтінішхатты беру және құжат айналымды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлге (бұдан әрі -  патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл) немесе өзге өкілге оған сенімхат бере отырып уәкілеттік береді.

Өтінішхатқа:

  1. пайдалы модельге патенттің әрекет ету мерзімін ұзартқаны және бюллетеньде ұзарту туралы мәліметтерді жариялағаны үшін төлемді растайтын құжат;
  2. сенімхат (егер өтінішхатты өкіл беретін болса) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхатты патенттік сенім білдірілген өкіл беретін болса) қоса беріледі.

Патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту тәртібі Пайдалы модельге патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту ережелерімен анықталған, 2012 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің № 88 бұйрығының 2-қосымшасы; http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007516