Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту

Қазақстан Республикасы Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабысқа патент өтінімді берген күннен бастап жиырма жыл ішінде әрекет етеді.

Емдік дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты оларды пайдалану Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте рұқсаттаманы және хабарламаны алу талап етілетін болса, айрықша құқықтың және патенттің мұндай құқығын куәландырудың әрекет ету мерзімі патент иеленушісінің өтінішхатының негізінде бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Көрсетілген мерзім өнертабысқа патентті беруге өтінімді берген күннен бастап өнертабысты пайдалануға берілген бірінші рұқсатты алған күнге дейін бес жылды шегергендегі уақытқа ұзартылады.

Патент иеленушісі мен «ҰЗМИ» РМК арасындағы өнертабысқа патенттің әрекет ету мерзімін ұзартумен байланысты өзара әрекеттесу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 Бұйрығының 1-қосымшасында анықталған;

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007516

Патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту туралы өтінішхат патенттің әрекет ету кезеңі ішінде өнертабысты пайдалануға бірінші рұқсатты алған күннен немесе патенттің берілген күнінен бастап қайсысы бірінші орын алғанына байланысты алты ай аяқталғанға дейін беріледі.

Өтінішхатқа:

  1. қолдануға құзырлы органның алғашқы рұқсаты алынған, өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақта сипатталған өнертабысты аталған дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатқызуға мүмкіндік беретін дәрі-дәрмек, пестицид (улы химикат) туралы мәліметтерді қамтитын ресми құжаттардың көшірмелері;
  2. ерекше құқықтарының қолдану мерзімін ұзарту сұратылып отырған өнертабысты (өнертабыс формуласындағы тиісті тәуелсіз тармағын) және осы құқықты куәландыратын патентті көрсету, аталған рұқсат осы өнертабысқа қатысты екенін көрсету және осы дәрі-дәрмек, пестицид (улы химикат) өнертабыс формуласындағы тиісті тәуелсіз тармағында сипатталатыны айқын болатын түсіндірулер;
  3. өнертабысқа патенттің қолдану мерзімін ұзарту және бюллетеньде ұзарту туралы мәліметтерді жариялағаны үшін ақы төленгенін растайтын құжат;
  4. сенімхат (егер өтінішті өкіл беретін болса) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл беретін болса) қоса беріледі.