Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Патентті күшінде ұстап тұру

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 11-бабының 15-тармағына сәйкес патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын өтінім берген күнге сәйкес келетін күні төлем жүргізуге мiндеттi.Қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.

Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесінің 66, 67-тармақтарына сәйкес қорғау құжатты күшінде ұстап тұру төлемін төлеумен байланысты тоқтатылған патенттің әрекеті патент иеленушісі қолдаухаты бойынша патентті күшінде ұстап тұру үшін төлем мерзімінің аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде қалпына келтіруге болады. Мерзімді қалпына келтіру туралы қолдаухатқа патенттің әрекетін қалпына келтіруге құжаттарды дайындауды және өткен төлем мерзімінің әрекет ету мерзімін күшінде сақтауды растайтын құжат қоса беріледі.

Қолдаухатқа патент иеленуші (егер патент иеленушілер тұлғалардың тобы болса, өтінішке осы топқа кіретін адамдардың барлығы қол қояды) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды. Заңды тұлға атынан қолдаухатқа ұйымның басшысы не лауазымы көрсетіліп оған өкілет берілген өзге де адам қол қояды. 

Қолдаухатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. патенттің күшін қалпына келтіру жөнінде құжаттарды дайындаған және жариялаған үшін төлемді растайтын құжат;
  2. өткізіп алған жыл (дары) патенттің қолданысын ұстап тұрған үшін төлемді растайтын құжат;
  3. сенімхат (егер қолдаухат өкіл арқылы берілсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер қолдаухат патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілсе).