Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар

Шығармашылық еңбектің нәтижесі ретінде өнеркәсіптік үлгі заңмен қорғалуы тиіс. Мұндай қорғауды алу үшін өнеркәсіптік үлгіні уәкілетті органда тіркеу қажет.

Өнеркәсіптік үлгіге патентті алу үшін сараптама жасау ұйымына патент алуға өтінімді беру қажет.

Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгіге патентті беруге өтінімді заңды және жеке тұлға да бере алады. Өтінімді өтініш берушілерден басқа көркемдік-конструкторлық шешімнің авторлары көрсетіледі. Өтініш беруші мен автор бір жеке тұлға бола алады.

Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде:

  1. өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;
  2. мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;
  3. өнеркәсiптік үлгiнің елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
  4. кiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.

Сонымен бірге өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат қоса тіркеледi.

 

Өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасы патентін беру туралы өтініштің бланкісі  (docx, 23 Kb)