Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-14
+7 (7273) 44-30-15
kazpatent@kazpatent.kz

Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар

Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына – «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - «ҰЗМИ» РМК) ұсынылады:

  • «ҰЗМИ» РМК жеке өтініш білдіру арқылы;
  • пошта байланысы арқылы жіберу;
  • www.kazpatent.kz «ҰЗМИ» РМК ресми сайтын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған жеке кабинет арқылы электрондық құжат түрінде.

Қағаз тасығышта берілген кезде өтінім компьютерлік теру және мөр арқылы мемлекеттік немесе орыс тілінде шығарылған екі данада беріледі.

«ҰЗМИ» РМК-дан тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінім бойынша істерді жүргізу өтініш берушімен немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы, сондай-ақ өзге өкіл арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігі оған өтініш беруші берген сенімхатпен куәландырылады.

ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 8-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес тауар таңбасына өтінімді сараптама жасау ұйымына бір өтініш беруші береді.

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 9-бабының 2-тармағына және жасау, ресімдеу және қарау ережесінің 2-тармағына сәйкес өтінім үлгі бланкіде беріледі.

Тауар таңбасына өтінім мыналарды қамтуы тиіс:

  1. өтініш беруші, сондай – ақ оның орналасқан жері немесе тұрғылықты жері көрсетілген белгіге сараптама жүргізу туралы өтініш (қағаз тасығышта берілген жағдайда өтініш бланкісіне – 2 данада ұсынылады.);
  2. өтінім берілген белгі (қағаз тасығышта берілген жағдайда өтінім берілген белгі 3 данада ұсынылады, көлемі - 8*8);
  3. тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі.

Ницца классификациясы: http://www.wipo.int/classifications/nice/en;

Тауарлар мен қызметтер менеджері (MGS): https://webaccess.wipo.int/mgs/;

Тауарлар мен қызметтер тізбелерін сараптау жөніндегі басшылық: http://www.wipo.int/edocs/mdocs/madrid/en/mm_ld_wg_15_rt/mm_ld_wg_15_rt_classification_guidelines_ib.pdf

 

Тауар таңбасын тіркеу туралы өтініш (doc, 185 Kb) 

Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық шарт (doc, 112 Kb) 

 

 
Қазан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
28
29
30
31