Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Өтінім және оған қоса берілген құжаттар

Өнертабысқа патентті беруге өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс:

Қазақстан Республикасының өнертабысқа патентін беру туралы өтініш. Өтініште патент сұралатын тұлғалар мен өнертабыс авторлары, сонымен бірге олардың тұратын немесе орналасқан жері туралы ақпарат 3 данада өтініш бланкі нысаны бойынша көрсетілуі тиіс;

  1. тиісті сала маманы тарапынан жүзеге асыруға жеткілікті өнертабыстың толықтығын ашып көрсететін өнертабыстың 2 данадағы сипаттамасы;
  2. өнертабыс нысанын анықтайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы. Формула нақты, анық және сипаттамаға негізделуі тиіс, 2 данада;
  3. өнертабыстың мәнін түсінуге қажетті сызбалар мен өзге материалдар, 2 данада;
  4. реферат, 2 данада;
  5. іс жүргізуді өкіл арқылы жүргізген жағдайда, сенімхат;
  6. өтінімді қабылдағаны үшін төлемді растайтын құжат;
  7. төлем мөлшерін төмендету негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектері, жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби-техникалық мектептердің, орта техникалық оқу орындарының білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпорын жарғысының көшірмесі).

Өтінім құжаттары Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына 1-қосымша http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007517.

 

Қазақстан Республикасының өнертабысына патент беру туралы өтініш (docx, 84 Kb)

Өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (docx, 68 Kb)