Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Мемлекеттік тізілімге өзгерістерді енгізу

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 3-тармағына сәйкес тауар белгісінің иесi өзiнiң тегiнiң, атының және әкесiнiң атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерiнiң не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгеруі туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін, оларға қатысты тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы сараптама ұйымын хабардар етуге мiндеттi.

Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау ережелерінің 35-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы мемлекеттік тізілімге уәкілетті органның, апелляциялық кеңесін, сот органдарының шешімдері және иеленушілердің (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкілдерінің) өтінішхаттары (өтініштері) негізінде тауар таңбасын тіркеудің құқықтық мәртебесінің кейінгі өзгерістері мен толықтырулары туралы мынадай:

  1. қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы тіркелген шарт туралы;
  2. тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы тіркелген лицензиялық шарт туралы;
  3. тауар таңбасының толық немесе бөлігін тіркеуге жарамсыз деп танылуы туралы;
  4. ашық лицензияға құқықтың ұсынылуы туралы;
  5. тауар таңбасын тіркеу әрекетінің тоқтатылуы туралы;
  6. иеленушінің бастамасы бойынша тауар таңбасын тіркеу әрекеті мерзімін тоқтатылуы туралы;
  7. тауар таңбасын тіркеу әрекеті мерзімінің ұзартылуы туралы;
  8. иеленуші атауының оның қайта құрылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты өзгертілуі туралы және/немесе оның тұратын жері мекенжайының өзгертілуі туралы;
  9. иеленуші тегінің, атының, әкесі атының өзгеруі туралы және/немесе тұрғылықты жері мекенжайының өзгертілуі туралы;
  10. хат алмасуға арналған мекенжайдың өзгертілуі туралы;
  11. анық және техникалық қателіктердің түзетілуі туралы, сондай-ақ тауар таңбасын тіркеуге қатысты басқа да өзгерістер туралы мәліметтерді енгізеді.

Өзгерістер тиісті өзгерістерді енгізу туралы тіркеу нөмірі, заңды тұлғаның ресми атауы, тегі, аты, (және әкесінің атын, егер болса) тұрғылықты жерінің және/немесе тұратын жерінің мекенжайы көрсетіле отырып, өтінішхатты беру жолымен енгізіледі. Құқық иеленушінің атауына өзгерістерді енгізген кезде мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Өтінішхатқа иеленуші немесе сенімхат бойынша оның патенттік сенімді өкілі қол қоюы керек.

Шетелдік өтінім берушінің (иеленушінің) өкілдері ұсынатын ресми құжаттар тиісті құжаттарда апостилді қою жолымен куәландырылады.