Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Құны

Өтінімдерді қабылдағаны және сараптаманы жүргізгені, сонымен бірге өзге жұмыстарды және қызметтерді көрсеткені үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлем алынады. «ҰЗМИ» РМК бағалардың толық тізімін осы жерден көруге болады.

ҚР Салық кодексі 534-бабы 1-тармағының 15)тармақшасына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына сәйкес зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілеттi орган заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттiк баж ставкалары: 1 АЕК (100%). 

Уәкілетті органның Мемлекеттік тізілімдегі тауар таңбасын тіркеу үшін жоғарыда көрсетілген нормалардың негізіндегі оң шешімі кезінде өтініш беруші республикалық бюджет деректемелеріне мемлекеттік баж салығын төлеуді жүзеге асыратын болады.

Тауарлық таңбаға өтінім бойынша төленуі тиіс төлемнің негізгі түрлері келесідей: 

№ п/п

Тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына өтінімдерді қабылдау және формалды сараптама жүргізу

Құны (ҚҚС қосылды)

1

  Тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына өтінімдерді қабылдау және формалды сараптама жүргізу

 

1.1

   өтінімді қағаз тасымалдаушыда қабылдау кезінде

      16 599,52  

1.2

   өтінімді электрондық түрде қабылдаған кезде

      14 109,59  

2

   Ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінімді қабылдау және формалды сараптама жүргізу 

 

2.1

   өтінімді қағаз тасымалдаушыда қабылдау кезінде

       36 300,32  

2.2

   өтінімді электрондық түрде қабылдаған кезде

       30 855,27  

3

   Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын тіркеуге өтінімнің сараптамасын жүргізу

       44 000,32  

3.1

   үшеуден асатын әрбір сынып үшін қосымша тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын тіркеуге өтінім сараптамасын жүргізу

         9 800,00  

4

    Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын тіркеу және тіркеу туралы мәліметтерді жариялау

     24 000,48

 

Онлайн төлеу / қызметтің құнын есептеу