Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Кезеңдері

Патент беруге өтінім сараптамасы екі кезеңнен тұрады: алдын ала сараптама және патентке қабілеттілікке сараптама. Алдын ала сараптаманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - «ҰЗМИ» РМК) жүргізеді. Алдын ала сараптаманы өткізу барысында «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында қарастырылған талаптарды орындауды және қажетті құжаттардың болуы тексеріледі. Патентке беруге өтінімнің алдын ала сараптама сараптама жасау ұйымына оны берген күннен бастап екі ай аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Алдын ала сараптама екі ай ішінде жүргізіледі.

Алдын ала сараптама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өтінімді ары қарай қарастыру және өтінім материалдарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Мемлекеттік комиссияларға патентке қабілеттілігіне сараптаманы өткізу үшін шешімді қабылдайды.

Өтінімді берген күннен бастап 18 ай аяқталғаннан кейін бюллетеньге селекциялық жетістікке патентті беруге өтінімдер туралы мәліметтер жарияланады және алдын ала сараптама нәтижесінде оң шешім қабылданады.

Патентке қабілеттілігіне селекциялық жетістікке сараптаманы өткізу өзінің ерекшеліктеріне ие, себебі мұндай функцияны Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Тұқымдарды сынақтардан және байқаулардан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия орындайды. Мәлімделген сорттың, патентке қабілеттілігі шарттары на сәйкестігі тексеріледі: жаңашылдығы, ерекшелігі, біркелкілігі және тұрақтылығы.

Өсімдіктің әрбір сорты және жануардың әрбір тұқымы бойынша патентке қабілеттілігіне сынақ өзінің әдістемесіне сәйкес және белгіленген мерзімде жүргізіледі (сараптаманы өткізу мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік комиссиялар ұсынған патентті беру туралы қорытындылары үшін уәкілетті орган патентті беру туралы шешімді қабылдайды. Патентті беру туралы шешімнің және патентті беруге дайындық, автор куәлігін беру, баж салығын төлеу және беру туралы мәліметтерді жариялау үшін төлемді растаудың негізінде селекциялық жетістік Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.

Патент мәліметтердің ресми бюллетенінде оны беру туралы жариялау туралы бір мезгілде беріледі.