Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-14
+7 (7273) 44-30-15
kazpatent@kazpatent.kz

Кезеңдер

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім сараптамасы екі сатыдан тұрады: алдын ала сараптама және патент қабілеттілігіне сараптама.

Алдын ала сараптама жүргізу барысында "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 5-бабында көзделген қажетті құжаттардың болуы және оларға қойылған талаптардың орындалуы тексеріледі. Патент беруге арналған өтінімге алдын ала сараптама оны сараптама жасау ұйымына берген күннен бастап екі ай өткеннен кейін жүргізіледі. Алдын ала сараптама екі ай мерзімде жүргізіледі.

Алдын ала сараптама аяқталғаннан кейін "ҰЗМИ" РМК өтінімді одан әрі қарау және патент қабілеттілігіне сараптама жүргізу үшін өтінім материалдарын жіберу туралы шешім қабылдайды.

Алдын ала сараптама нәтижесінде оң шешім шығарылған өтінімдер туралы мәліметтер шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде бюллетеньде жарияланады.

Егер алдын ала сараптама өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда, оны одан әрі қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, бұл туралы өтінім берушіге бір ай мерзімде хабарланады.

Өтініш беруші уәкілетті органға шешімді алған күннен бастап екі ай ішінде өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешімге қарсылық бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екі ай мерзімде қарауға тиіс.

Селекциялық жетістіктің өтінімі мен сауалнамаларының көшірмелері ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияға және тұқымдарды сынау және байқаудан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) патент қабілеттілігіне сараптама жүргізу үшін (сараптама жүргізу мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін) жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу Қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) және мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және сынақтан өткізу Әдістемесіне сәйкес мемлекеттік комиссия, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 3-3/539 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9901 болып тіркелген) тиісті сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша сорттың, тұқымның сипаттамасымен қорытынды жасайды және "ҰЗМИ"РМК-на жібереді.

Патент беру туралы Мемлекеттік комиссия ұсынған қорытындылар бойынша "ҰЗМИ" РМК патент беру туралы шешім қабылдайды. Патент беру және патент беруге және жариялауға дайындағаны үшін төлемді растау туралы шешімнің негізінде селекциялық жетістік Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.

Егер сараптама жүргізу барысында сорттың, тұқымның патентке қабілеттілік талаптарына сай келмейтіндігі анықталған жағдайда, "ҰЗМИ" РМК Мемлекеттік комиссияның қорытындысы негізінде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі.

Өтінім беруші уәкілетті органға – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне патент беруден бас тарту туралы шешімге оны алған күннен бастап үш ай мерзімде қарсылық бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап үш ай мерзімде қарауға тиіс.

 

 

 
Қазан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
28
29
30
31