Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Кезеңдер

Өнертабысқа патентті беруге өтінім сараптамасы екі кезеңнен тұрады:

формальды сараптама және мәні бойынша өтінім сараптамасы.

Формальды сараптаманы өткізу барысында Қазақстан Республикасы Патент заңының 17-бабының 2-тармағында қарастырылған құжаттардың болуын, оларға бекітілген талаптардың сақталуын тексереді.

Оның құжаттары талаптарын бұзып мәлімделген өтінім бойынша өтініш берушіге ұсыныс жіберілген күннен бастап үш айлық мерзімде түзету енгізілген құжаттарды немесе жоқ құжаттарды ұсыну туралы сұрау жіберіледі.

Оң нәтижемен формальды сараптама аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімнің мәні бойынша сараптама жүргізеді.

Мәні бойынша өтінім сараптамасына мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін анықтау, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабысқа қатысты ақпараттық іздеуді жүргізу, мәлімделген объекттің (объектілердің) Қазақстан Республикасы Патент заңының 6-тармағында көзделген патентке қабілеттілік шарттарына және өнертабыстың бірегейлік талаптарына сәйкестігін тексеру кіреді және мәні бойынша өтінім сараптамасын төлеген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Мәні бойынша өтінім сараптамасы сараптама жасау ұйымына формальды сараптама нәтижесі туралы хабарламаны жіберген күннен бастап үш ай ішінде мәні бойынша өтінім сараптамасын төлеуді растайтын құжатты ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына (жаңалық, өнертабыстық  деңгей және  өнеркәсіпте қолдану) сәйкес келетiнiн анықтаса, өтінім нертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жатпайды, егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе берiледi.

«ҰЗМИ» РМК теріс қорытындымен келіспеген жағдайда, қорытындыны жіберген күннен бастап үш ай ішінде өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Апелляциялық кеңеске қарсылық білдіреді. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап төрт ай ішінде қарастырады.

Егер мәні бойынша өтінім сараптамасы нәтижесінде «ҰЗМИ» РМК өтініш беруші сұраған мәлімделген ұсыныс құқықтық қорғау бойынша өнертабыстың патентке қабілеттілігі талаптарына (жаңалық, өнертабыстық  деңгей және  өнеркәсіпте қолдану) сәйкес екендігін анықталса, «ҰЗМИ» РМК көрсетілген басымдылығы көрсетілген өтініш берушімен келісілген өнертабыс формуласымен патентке оң қорытындыны береді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өнертабысқа патентті беру туралы шешімді қабылдағаннан кейін «ҰЗМИ» РМК өтініш берушіге қабылданған шешім және патентті беругі дайындық үшін тиісті төлемді растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.

Өтініш беруші патентті беруге дайындық, жариялау үшін төлемді және баж салығын төлеуді растайтын құжаттарды, қажет болған жағдайда, мерзімінен бұрын жариялау туралы өтінішхатты ұсынғаннан кейін «ҰЗМИ» РМК Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне мәліметтерді енгізіп, электрондық бюллетеньге беру туралы мәліметтерді жариялап, өнертабысқа патентті әзірлейді.

«ҰЗМИ» РМК патентті патент алушының қолына тапсырады немесе пошталық қызмет арқылы жібереді.