Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Институт туралы

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Институт) 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №756 қаулысына сәйкес құрылған.

Институт «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 806 Жарлығына сәйкес құрылған Ұлттық патент ведомствосының құқықтық мұрагері болып табылады.

Институттың қазақ тіліндегі толық ресми атауы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; қысқартылған атауы – «ҰЗМИ» РМК.

Институттың орыс тіліндегі толық ресми атауы – Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный институт интеллектуальной собственности» Министерства юстиции Республики Казахстан; қысқартылған атауы – РГП «НИИС».

Ағылшын тіліндегі толық атауы - National Institute of Intellectual Property; қысқартылған атауы - NIIP.

Институт заңды тұлға болып табылады, өзінің теңгерімі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар мөрі және атауы, бланкілері, тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы) және заңды тұлғаның басқа деректемелері бар.

Институт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады.

Институт өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға және міндеттерге ие болады, сотқа талапкер және жауап беруші ретінде қатыса алады.

Институттың орналасқан жері – Астана қаласы. Орналасқан мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 3Б-ғимарат.

Институт қызметінің мақсатына жеке және заңды тұлғаларға қызметтің негізгі түрлері бойынша сараптамалық қызметтерді көрсету жатады.

Институт қызметтің келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:

  1. өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінімдердің, тауар таңбаласын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылатын жерлердiң атауларын мемлекеттік тіркеуге және оған айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің, сонымен бірге бұрын тіркелген тауар шығарылатын жерлердiң атауына айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің сараптамасын жүргізеді және олардың нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыларды әзірлейді;
  2. зияткерлік меншіктің көрсетілген объектілеріне айрықша құқықтарына иелік ету шарттарының сараптамасын жүргізеді;
  3. зияткерлік меншіктің көрсетілген объектілеріне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты өтініштерді, өтінішхаттарды қарастырады;
  4. Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы тауар шығарылатын жерлердiң атауларының мемлекеттік тізіліміне жазбаларды енгізеді;
  5. қорғау құжаттарының және олардың телнұсқаларын техникалық ресімдеуін жүзеге асырады;
  6. ресми бюллетеньді шығаруды қамтамасыз етеді;
  7. зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласында халықаралық әріптестікке қатысады, оның ішінде:
  8. патенттік кооперация жөніндегі шартқа сәйкес халықаралық өтінімдер бойынша жұмысты орындайды;
  9. таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің хаттамасына сәйкес халықаралық өтінімдер бойынша жұмысты орындайды;
  10. ЗМДҰ-мен, басқа мемлекеттердің патенттік ведомстволарымен,  Институт құзыретіне жататын сұрақтар бойынша өзге ұйымдармен халықаралық әріптестік шеңберінде жұмысты орындайды.