Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Алматы қ. филиалы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы 2006 жылғы 20 қазандағы ҰЗМИ директоры бұйрығының негізінде Алматы қаласында құрылған.

Филиал зияткерлік меншік объектілеріне (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары, селекциялық жетiстiктер) құқықтарды ресімдеу кезінде консультациялық көмек көрсететін ҰЗМИ бөлімшесі болып табылады.

Филиалдың құрамына негізгі бағытына зияткерлік меншік объектілерін қорғау сұрақтары бойынша оқыту іс-шараларын өткізу жататын Оқу орталығы, өнертабыстар мен тауар таңбалары бойынша екі іздеу қызметі кіреді. Оқу орталығының қызметі туралы толығырақ.

Филиал сарапшылары өндірістік меншік объектілерінің патентке қабiлеттiлiгiн (қорғауға қабілеттілігін) алдын ала талдайды, сонымен бірге іздеудің сан алуан түрлерін, оның ішінде тақырыптық, фирмалық және нөмірлік іздеуді, аналог патенттерді іздеуді, халықаралық патенттік сыныптама бойынша іздеуді, тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша іздеуді (іздеу туралы есепті ұсына отырып) жүргізеді.

Филиал ҰЗМИ-ге жіберілген хат-хабарламаны ресми түрде қабылдауды жүзеге асырады және хат-хабарламаны бас кеңсеге жедел жеткізуді қамтамасыз етеді.

Филиалдың орналасқан жерінің мекенжайы: 050002, Алматы қаласы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшесі (бұрынғы Емелев көшесі), 6-үй, 1-павильон.